RealMusic
6 лет

Бауыржан Нуршарип - Кимастык

3:31
68 41%
Жанр
R&B
Жанр
R&B
Теги
Лицензия
Над треком работали
Бауыржан Нуршарип
Автор музыки
Бауыржан Нуршарип
Автор текста
Бауыржан Нуршарип
Исполнитель
Бауыржан Нуршарип
Студия
JAN Records
Текст
әні/cөзі: Бауыржан Нұршәріп
арранжировка: Яростав Булаев
мастеринг: JAN Records

1.
Сүйе тұра бақыт тіледім өзіңе
Жүрегімде мұң бар оны сен сездің бе
Мүмкін осы шығар жазғаны біздерге
Тағдырға налыма бекем бол өзіңе

Кінәлап қайтасін өзгені, өзіңді
Кінәлі екеуіміз ластаған сезімді
Мүмкін бағаламадық па бір-бірімізді
Уақытты бақытты ғайып болды бәрі

Қайырма:
Өтінем жылама
Мені ойлап сағынба
Келмеді қолымнан
Бақытты қылуға

Өзіңді өзгемен
Алмастыра алмаймын
Ұмыту үшін мен
Өзімді алдаймын

БІЛЕСІҢ БЕ? ЕКЕУІМІЗ АЙЫРЫЛЫСҚАЛЫ КҮНДЕРІМ ӨТЕ БАЯУ ӨТУДЕ. САҒЫНЫШ ПА, ӘЛДЕ ӨКІНІШ ПЕ? БІР СЕЗІМ ІШТЕЙ ЖЕГІДЕЙ ЖЕП БАРАДЫ. МҮМКІН, БӘРІН ҚАЙТАРУҒА БОЛАР МА ЕДІ. БІРАҚ...

2.
Жауапсыз көп сұрақ, іштей жүрек жылап
Босату мен үшін қиын болды бірақ
Айтшы кімнен сұрап, мұңымды мен айтам
Үсіздікпен қалдым сенсіз жалғысырап

Өзге келіп мүмкін жүрегіңді сұрар
Қолымнан келмеген бақытты ұсынар
Бірақ мендей болмас білесің өзің де
Ешкім сендей болмас мен үшін өмірде